Қолжетімді әрі қолдануға оңай, әдемі дизайны бар ақылды үйге арналған өнімдердің кең топтамасы мен шешімдерінің өндірушісі.
Бренд 2016 жылы құрылған. 'Aqara' атауы екі латын сөзінен: 'acutulus' (ақылды) және 'ara' (үй) тұрады. Aqara – қолжетімді әрі қолдануға оңай, әдемі дизайны бар ақылды үйге арналған өнімдердің кең топтамасы мен шешімдерінің өндірушісі. Қазіргі уақытта Aqara компаниясы бүкіл әлем бойынша 7 миллионнан астам пайдаланушыға қызмет көрсетеді және АҚШ, Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия, Корея және Қытайда дистрибуция бойынша серіктестері бар. Компания сонымен қатар Apple HomeKit үйлесімді ақылды үйге арналған шешімдер жинақтарын нарықта толық күйінде ұсынады, ал оның өнімдерін Еуропа мен Азиядағы Apple Store дүкендерінен табуға болады. Aqara өзінің тапсырыс берушілеріне энергияны аз тұтынатын шешімдер мен өнімдерін ұсынады.
Aqara дизайны қарапайымдылықпен, талғампаздықпен және кез келген үйдің немесе кеңсенің стиліне сәйкес кеетіндей етіп жасалған. Дизайн келесі марапаттарға ие:
«Өзің жасап көр» принципі бойынша орнату ешқандай арнайы құралдарды талап етпейді, бұл сіздің ақылды үйіңізге қызмет көрсетуді және оны өзіңіз қалағандай орнатуды жеңілдетеді.
Aqara брендінің портфелі сіздің үйіңізді немесе кеңсеңізді автоматтандырудың шексіз мүмкіндіктерін ұсына отырып, Apple Home және басқа платформалармен біріктірілген 100 астам қосылған өнімдерді қамтиды.